20.01.2025, 13:00
Оқылды: 53

Атырауда бүлдіршінді тепкен тәрбиеші жұмыстан қуылды

Әлеуметтік желіде тәрбиешінің баланы тепкен сәті түсірілген бейнежазба тарады. Оқиға 15 қаңтар күні «Зейнеп-Әмина» жекеменшік балабақшасында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

2025_01_20_crop-5_0_337x531_bfa9e9e0-b6e2-4bce-b5c7-8da35d761a08

Сурет: Egemen.kz

«Жағдай Зейнеп-Әмина балабақшасының МАД-1 тобында болды. Бұл мекемедегі бірінші жағдай емес», дейді жазбаны жариялаған интернет қолданушысы.

Атырау облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады.

Сонымен қатар балабақша басшылығының айтуынша, құқық бұзушылық анықталғаннан кейін тәрбиеші еңбек заңнамасына сәйкес дереу жұмыстан босатылған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале