20.01.2025, 15:15
Оқылды: 95

Басты мақсатымыз – адамдарға бағдарланған сервистік аппаратты құру

WhatsApp Image 2025-01-20 at 16.20.55

Қазіргі таңда жастарды мемлекеттік қызметке тарту жұмыстары жүргізілуде, осы туралы айтып берсеңіз.

- Қазіргі әлемде мемлекеттік және жеке секторлар үшін басым міндетке айналған адам ақыл-ойы мен таланттарды іздеу үшін күрес белсенді дамып келеді. Өз кезегінде, мемлекет орта білім беруді қамтамасыз етуге кепілдік береді, жыл сайын жоғары білім алу үшін ондаған мың грант бөледі. Мемлекеттің қоғам өмірінде атқаратын рөлін ескере отырып, болашақта мемлекеттік қызмет қатарын, ең алдымен, мемлекет есебінен жұмыс істейтін білім беру мекемелерінің үздік өкілдерімен толықтыруға сену орынды болар еді. Осындай әрекеттер пайда әкелуге және ел мүддесі жолында жұмыс істеуге, ел азаматтарының әл-ауқатына өз үлесін қосуға, демек, жастар арасындағы патриоттық көзқарасқа тұрақты сенімді мақсатты түрде қалыптастыру болып табылатыны анық. Бәсекелестіктің қалыптасқан шарттары мемлекетті 2023 жылы аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік органдардың төменгі лауазымдарына жоғары оқу орындарының үздік түлектерінің кіру рәсімін жеңілдетуге ынталандырды. Қазір мемлекеттік грантпен оқу орындарын жоғарғы көрсеткішпен аяқтаған үздік түлектер аудан мен ауылдық жерлерде төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз, тікелей тағайындалуда. Бұл тетік білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, жас мамандардың аудан мен ауылдық аймақтарға оралуына, сонымен қатар өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізіп, мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдетеді. Норма енгізілгеннен бастап мемлекеттік лауазыдарға 49 жоғары оқу орындарының түлектері орналасты (2023 жылы – 9, 2024 жылы – 40). Қазіргі таңда олар бас және жетекші маман лауазымдарында қызмет атқаруда. Сонымен қатар, өткен жылы алғашқы рет өңірлік кадр резервіне іріктеу өткізіліп, резервке 30 адам қойылды. Жобаның негізгі мақсаты жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту болып табылады. Іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімді, 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатысуға мүмкіндік алды. Резервке алынған адамдар жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органның келісімімен конкурс өткізілместен орналаса алады. Осылайша, бүгінгі күнге резервшілер қаратынан 5 адам меритократия принциптері негізінде жоғары тұрған лауазымға ілгерілетілді.

Бүгінгі күні мемлекетімізде цифрландыру үдерісі кең орын алуда. Бұл үдерістер мемлекеттік қызметке де қатысты ма?

- Ия, әрине. Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамада мемлекеттік қызметті цифрландыруға айрақша көңіл бөлінген. Оған сәйкес, Тұжырымдамада мемлекеттік қызметті одан әрі дамытудың басты қағидатының бірі ретінде мемлекеттік қызметтегі HR-процестерді басқару және цифрландыру айқындалды. Бұл ретте, мемлекеттік аппарат қызметін бюро­кратиядан арылту, мемлекеттік қызметке кіруді және одан шы­ғуды жеңілдету, дарынды басқа­рушыларды және жеке сектордан кәсіби мамандарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында мемлекеттік қызметке іріктеуді цифрландыру мақсатында онлайн режимде конкурстық іріктеуді өткізу басталды. Енді азаматтарымыз әлемнің кез келген нүктесінен және қалаған уақытында «eqyzmet.gov.kz» сілтемесі арқылы сыртқы интернет-порталға тіркеліп, конкурсқа ондайн форматта қатыса алады.

2f8069dbed669817632101e0024a89ec_original.275774 (1)

Сурет: gov.kz

Үміткерлерге мүдделер қақтығысы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін іріктеу кезеңдерінен өту кезінде иесіздендіру және анонимділікті қамтамасыз ету мақсатында ID-нөмір беріледі (конкурсқа қатысушылар мен мемлекеттік орган үміткердің аты-жөнін көре алмайды). «Е-қызметте» барлық маңызды ақпараттық жүйелермен интеграция жасалды. Ол мемлекеттік қызметке үміткерлерді артық құжат жинаудан босатады. Сондай-ақ «адами фактордың» ықпалын болдырмау үшін конкурс рәсімнің ашықтығын тәуелсіз прокторинг (жүйенің автоматты бақылау функциясы арқылы байқау кезеңдерін бақылау және қадағалау рәсімі) жүйесі қамтамасыз етеді. Іріктеуге қатысу үшін үміткер өзінің техникалық жабдықтарын (компьютердің, интернеттің тұрақты жылдамдығы кемінде 5 мб/сек, жұмыс істеп тұрған веб-камера, микрофон және жеткілікті көрінуді қамтамасыз ететін жарықтандыру) пайдаланады. Тестілеу жүргізілетін нормативтік құқықтық актілердің саны екі есеге, 9-дан 4-ке дейін қысқартылды. Өз кезегінде, тестілеуде шекті мәнді еңсермеген қатысушылар тестілеуге үш күннен кейін және тестілеу тәртібін бұзған жағдайда бір айдан кейін қайта жіберіледі. Сонымен қатар, қатысушылардың құзыреттері мен қабілеттерін бағалауына басымдық беретін жаңа іріктеу жүйесі жеке қасиеттерді бағалау, сондай-ақ, осы кезеңнен сәтті өткен үміткерлер мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау кезеңдерді қамтиды. Осы кезеңнен кейін үміткерлердің жалпы санының жартысы, бірақ кемінде үшеуі эссе жазу кезеңіне жіберіледі. Бұл басшылық лауазымдар үшін міндетті кезең. Соңғы кезең – ол мемлекеттік органның конкурстық комиссиясында әңгімелесу. Үміткерге бос лауазым бойынша және алдыңғы жұмыс орындарының қызметтік функционалдық бағыттарына сәйкес жеке қасиеттері тұрғысынан жалпы сипаттағы сұрақтар қойылады. Яғни, заңнамада көрсетілген нақты талаптар бойынша кәсіби сұрақтар қойылмайды. Конкурстық комиссия құрамының үштен бір бөлігі бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жыл жұмыс тәжірибесі бар бағалаушылардан тұрады. Нәтижесінде, осы жоба азаматтарға шынайы бәсекелестікке жол ашатын, іріктеу кезеңдеріне ыңғайлы уақытта қатысуға мүмкіндігін беретін, рәсімдері толық цифрландырылған іріктеу жүйесі болып, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Әр мемлекеттік қызметшінің лауазымдық ілгерілеуі бойынша ойы бары анық. Бұл бағытта қандай механизмдер көзделген?

- Мемлекет басшысы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына арналған «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында тағайындаулар кезінде кандидаттардың кәсіби және моральдық сапалары, сондай-ақ бұрынғы лауазымдардағы нәтижелері ескерілуі қажет екенін, меритократия қағидаттарын сақтау қажеттігін атап өтті. Меритократия, еңбегіне қарай қызметте өсу жүйесі ретінде, мемлекеттік қызметтегі табыс пен мансаптық өсу кәсіби жетістіктерге, білімге және біліктілікке байланысты екенін білдіреді, ал жеке байланыстар мен мәртебеге тәуелді болмайды. Мемлекеттік қызметті жаңғырту жағдайында меритократия қағидаты ерекше маңызды, өйткені ол халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыра отырып, ең білікті және ынталы қызметкерлерді тартуға мүмкіндік береді. Батыс Қазақстан облысында меритократия мемлекеттік қызметтің ашық, есепті және нәтижелі жүйесін құрудың негізі болып табылады, мұнда әрбір қызметкер өз еңбегінің лайықты бағаланатынын және мансаптық мүмкіндіктері жеке үлесі мен біліктілігіне байланысты екенін түсінеді. Осылайша, 2024 жыл қорытындысы бойынша өңірде мемлекеттік қызметтегі меритократия деңгейі 73,8%-ды құрап отыр. Өткізілген 180 ішкі конкурстың нәтижесінде 79 кандидат жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды. 2023 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 65% болған еді.

Департамент мемлекеттік қызмет саласындағы бақылаушы орган болып табылады. Осы ретте, бақылау жұмыстары қалай жүргізілуде?

- Департаменттің бақылау функцияларын жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың профилактикасы мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының қорғалуына басымдық беріледі. Осылайша, қазіргі кезде Департаментпен заңнама бұзушылықтарды алдын алуға бағытталған талдау және мониторинг жұмыстары жүргізіліп, анықталған бұзушылықтардың басым бөлігі осы жұмыстар арқылы анықталуда. Өз кезегінде, аталмыш жұмыстар заңнаманы бұзудың ауыр салдарына алып келмейтіндей тиімділігін көрсетіп отыр. Нақты мысалдарға тоқталатын болсақ, талдау нәтижелері бойынша 17 мемлекеттік қызметшіге заңнама талаптары сақталмай қолданылған тәртіптік жазалардың күштері жойылып, олардың бұзылған заңды құқықтары қалпына келтірілді. Осыған қоса, үстеме жұмысқа тарту фактілеріне жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша 202 мемлекеттік қызметшіге қосымша демалыс уақыты ұсынылды. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне іссапар шығындарын төлеу талаптарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде іссапар шығындарын уақытылы төлемеген 60 мемлекеттік қызметшіге тиісті 3 657 854 теңге көлемінде төлемдер жүргізілді.  Департаментпен 25 мемлекеттік қызметшіге негізсіз 4 868 107 теңге көлемінде төленбеген бонустарды төлеу қамтамасыз етілді.  Сонымен қатар, Департамент қызметінің басым бағыттарының бірі – халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Осы ретте, Департаментке келіп түскен өтініштер бойынша қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілген. Өткен жылы Департаментпен 24 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді. Бұл ретте, Департаментпен мемлекеттік қызметтерді алу саласындағы мәселелерді жедел шешуге және қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге бағытталған Telegram чат іске қосылды. Ол үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарды Telegram парақшасына бағыттайтын арнайы QR-кодтар көрсетілген. Аталған арна арқылы азаматтар қандай да бір қызметті алу кезінде туындаған мәселелер бойынша шағымдана алады.
Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, Департамент қызметкерлері оларды жою жөнінде дереу шаралар қабылдайтын болады.

Департамент мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауына тікелей бақылау жүргізетін орган болып табылады. Осы орайда, өңірде әдеп бұзған мемлекеттік қызметшілер бар ма?

- Департаментпен аталған функцияларды жүзеге асыру кезінде басымдылық заңнама бұзушылықтарының профилактикасына беріледі. Осылайша, жыл басынан бері мемлекеттік қызметшілерге заңнама талаптарын түсіндіру, қызметтік әдепті нығайту бағытында 179 іс-шара өткізілді. Десек те, құқық қолдану практикасында әдеп талаптарын сақтамаған мемлекеттік қызметшілердің бұзушылықтары анықталуда. Осылайша, мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік жауаптылыққа тартылуына мониторинг нәтижесінде, бірқатар мемлекеттік органдардың қызметкерлері белгіленген талаптарды сақтамайтыны анықталды. Бұл ретте, айта кетуіміз керек, әдеп бұзушылықтардың профилактасы жұмыстары бағытында Департамент, бір жағынан, түсіндірме жұмыстарын белсенді жүргізсе, екінші жағынан, бұзушылықтарға жол берген кінәлі тұлғалардың тиісті жауапкершіліктен жалтаруына жол бермеу бойынша шараларды қабылдауда.

Байсалов Мұрат Сейлбекұлы,

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша

департаментінің басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале