Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында өнеркәсіп кәсіпорындарының қоршаған ортаға теріс әсерін азайту жөніндегі шаралар туралы баяндады.

Оның айтуынша, Экологиялық кодекске сәйкес Министрлік жетекшілік ететін салаларда 17 кәсіпорын ең үздік қолжетімді технологияларды енгізуі тиіс. Бұл қоршаған ортаға әсерді азайтуға және кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.Кәсіпорындар жыл сайын қалалық және аудандық аумақтарды көгалдандыруға, сондай-ақ елді мекендерді абаттандыруға бағытталған іс-шараларға қатысатыны атап өтілді.