23.01.2025, 15:30
Оқылды: 28

Сайлау белсенділігін арттыру мәселесі талқыланды

Бүгін БҚО аумақтық сайлау комиссиясында өңірдегі саяси партиялар филиалдарының жетекшілерімен кездесу өтті. Кездесуде өткен сайлау үрдістеріндегі қоғамдық ұйымдардың рөлі, азаматтардың сайлау белсенділігін арттыру мәселелері сөз болды.

WhatsApp Image 2025-01-23 at 15.54.56

БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жоламанов өңірдегі сайлау жүйесі туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ, төраға өткен жыл ішіндегі ауылдық округ, кент әкімдерінің сайлаулары, республикалық референдум және шығып қалған мәслихат депутаттарының орынына сайлаулардың кейбір түйіндері туралы әңгімелеп берді.

WhatsApp Image 2025-01-23 at 15.54.56 (1)
Филиал жетекшілері тақырып бойынша ойларымен еркін бөлісті. Айталық, «Ауыл» партиясы БҚО филиалының жетекшісі Ғайса Капаков партиялардың белсенділігі сайлаушылардың белсенділігіне тікелей қатысты екендігін еске салды. Сайлау барысын байқауға жіберілетін партия өкілдерінің біліктілігін арттыру керек. Осы мәселені алға тартқан «Ауыл» партиясының өкілі байқаушыларға арнайы курстар ұйымдастыру қажеттігін айтты.

WhatsApp Image 2025-01-23 at 15.54.57
Комиссиялар жұмысындағы ашықтық пен жариялылық бағыты да ұмыт қалмады. Сайлау комиссияларының құрамында өкілі жоқ саяси партиялар сайлау науқанын даярлау мен өткізу кезеңіне тиісті сайлау комиссиясына өз өкілін кеңесші дауыс құқығымен жіберу құқығы бар екені белгілі.

WhatsApp Image 2025-01-23 at 15.54.57 (1)
Басқосуды қорытындылаған Әділ Жоламанов партия өкілдерін ақпан айының бірінші бейсенбісінде атап өтілетін Дүниежүзілік сайлау күнгі шараларға,азаматтардың электоралдық ықыласын арттыратын акцияларға белсенді қатысуға шақырды. Бұл ұсынысты қабыл алған партия өкілдері сайлау мәдениетін жетілдіруге қатысты өз іс - шараларында өткізуге дайын екендіктерін білдірді.

БҚО аумақтық сайлау комиссиясы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале