Көлік министрі Марат Қарабаев елімізде жол инфрақұрылымын басқаруды жаңғырту үшін негіз болатын «E-Joldar» бірыңғай цифрлық платформасы енгізілетінін айтты. Платформа қолданыстағы цифрлық жүйелерді біріктіреді және барлық автомобиль жолдары – халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық жолдар туралы ақпаратты жинау және есепке алу үдерістерін автоматтандыруға мүмкіндік береді.


Министрдің айтуынша, платформаны енгізу 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған, бұл жол қызметтерінің сапасын едәуір арттыруға және инфрақұрылыммен байланысты мәселелерді шешуді жеделдетуге мүмкіндік береді.