6.02.2025, 16:15
Оқылды: 397

«Еріктілер кеңесі» қайырымдылық акциясын өткізді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанында құрылған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы өз жұмысын жалғастыруда.

WhatsApp Image 2025-02-06 at 16.06.44

Еріктілер кеңесінің басты мақсаты мемлекеттік қызметшілердің азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың ерікті қызметке қатысуын кеңейту, ерікті бастамаларына жәрдемдесу, еріктілер қозғалысын реттеу, бағыттарды анықтау,бірізділікке салу, қоғамда азаматтық ұстанымды, өзін-өзі ұйымдастыруды, әлеуметтік жауапкершілік, ынтымақ, өзара көмек және мейірімділік сезімін қалыптастыру, саламатты өмір салтын насихаттау, еріктілердің қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға, аумақтарды абаттандыруға қатысуын үйлестіру болып табылады.

WhatsApp Image 2025-02-06 at 16.06.42 (1)

Еріктілермен көше тазалығымен айналысатын азаматтарға қолдау білдіріліп, олар үшін ыстық шай, ыстық бәліш және тәттілер  тарату акциясы ұйымдастырылды. Осыған қоса, еріктілер мұз ойып, қар күреп жәрдемдесті. Осылайша, аталған акция күн сайын қаланың тазалығы мен тәртібі үшін еңбек ететін жандарға алғыс білдірудің игі белгісі болды.

Бұл адамдар таңның атысынан еңбек етіп, қаламызды таза ұстайды, алайда олардың еңбегі көбіне елеусіз қалады. Сол себепті, еріктілердің атынан алғыс білдіріліп, олардың еңбегінің маңыздылығы көрсетілді.

WhatsApp Image 2025-02-06 at 16.06.46

Мұндай бастамалар тек коммуналдық қызметкерлерді қолдап қана қоймай, сонымен қатар әрбір азаматтың еңбегі құрметке лайық екенін сезінуге мүмкіндік беретін мейірімді қалалық ортаны қалыптастыруға ықпал етеді. Еріктілермен осындай іс-шараларды алдағы уақытта да өткізуді жоспарлап отыр.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша

департаментінің баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале