10.02.2025, 12:15
Оқылды: 427

Құқық қорғау өкілдері студенттермен кездесті

Орал қаласындағы Жоғары инженерлік-технологиялық коледжінің студенттері құқық қорғау құрылымының қызметкерлерімен кездесті.

WhatsApp_Image_2025-02-10_at_13.18.41[1]

Кездесуге облыстық прокуратураның басқарма басшысының орынбасары Қайрат Самиғуллиев, облыспрокурорының аға көмекшісі Жанар Иманғалиева, Абай полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Кенжетай Дүйсенғалиев қатысты.

WhatsApp_Image_2025-02-10_at_13.18.42[1]

Кездесу барысында студенттерге құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын түсіндіру және тәртіп мәселелері бойынша түсінік беріліп, құқықтық білімді дамыту мен қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Облыс прокурорының аға көмекшісі Жанар Иманғалиевабілім беру ұйымдарында балалардың құқының сақталуы әр кез назарда екендігін атап өтті.

WhatsApp_Image_2025-02-10_at_13.18.42_(1)[1]

WhatsApp_Image_2025-02-10_at_13.18.43[1]

– Прокуратура — мемлекет атынан заңнама мен құқықтарды сонымен қатар адамның және азаматтың еркіндіктерін қадағалап бақылайтын құқық қорғау құрылымы. Жалпы өткен жылы кәмелетке толмағандардың арасында ұрлау, тонау,алаяқтық және есірткіге байланысты қылмыс жиі кездесті. 2024 жылы жылы 2023 жылмен салыстырған қылмыс едәуір азайды. Сондықтан біз әр кез жастарды құқықбұзушылыққа бармауға шақырамыз. Осы бағыттағы кездесулер прокуратура құралдарымен бекітілген кестеге сәйкес оқушылар, суттденттер арасында ай сайын ұйымдастырылады, –дейді Жанар Иманғалиева.
Іс-шара барысында қылмыс жасап, темір торға тоғытылып енді өз ісіне өкініп отырған кәмелетке толмаған жасөспірімдердің бейнебаяны студенттер назарына ұсынылды. Жиналған студенттер қауымы да құқық қорғау өкілдеріне өздерін толғандырған сұрағын қойып, еркін сипатта пікір алмасты.
Студенттер құқықтық тәртіпке, қоғамның жұмыс істеуі үшін заңдылықтың маңыздылығына және күнделікті өмірде құқықтық нормаларды сақтауға байланысты негізгі мәселелерді талқылауға белсене қатысты.

Гүлжамал Кенжеғалиева,

"Орал өңірі"

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале