10.02.2025, 16:45
Оқылды: 372

Еріктілер кеңесі мектеп оқушыларына шаңғы тебу шарасын ұйымдастырды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанында құрылған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы өз жұмысын жалғастыруда.

fc9e5e4a-7db3-4534-8a64-f6b545cdc0a1

Еріктілер кеңесінің басты мақсаты мемлекеттік қызметшілердің азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың ерікті қызметке қатысуын кеңейту, ерікті бастамаларына жәрдемдесу, еріктілер қозғалысын реттеу, бағыттарды анықтау, бірізділікке салу, қоғамда азаматтық ұстанымды, өзін-өзі ұйымдастыруды, әлеуметтік жауапкершілік, ынтымақ, өзара көмек және мейірімділік сезімін қалыптастыру, саламатты өмір салтын насихаттау, еріктілердің қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға, аумақтарды абаттандыруға қатысуын үйлестіру болып табылады.

Бұл ретте, қысқы спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Еріктілер кеңесі «Арқанды саябақ» демалыс орнында мектеп оқушыларға арналған шаңғы тебу шарасын ұйымдастырды.

Іс-шараға 16 мектеп оқушылары, жетекшілері қатысып, шаңғы спортының негіздерін үйреніп, қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. Сонымен қатар, демалыс орнында оқушыларға үстел жайылды.

Ұйымдастырылған шараның мақсаты - қоғамда өзара көмек және мейірімділік сезімін қалыптастыру болып табылады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале