17.02.2025, 12:00
Оқылды: 339

Теректілік спортшылар ауданның намысын қорғады

Орал қаласында 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай шахмат және дойбыдан ардагерлер арасында ашық қалалық турнир өткізілді.

PHOTO-2025-02-13-09-56-07

Аталмыш турнирдің ашылу салтанатында Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Исанов, БҚО бойынша Ауғанстан соғысының мүгедек ардагерлерінің қоғамы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Габделов, Орал қалалық спорт ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Нұрғалиев,  «Орал» спорт клубының директоры О.Ғилымов жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.

PHOTO-2025-02-13-09-56-06

Аталмыш жарысқа Теректі ауданының атынан ардагер спортшылары өз өнерлерін көрсетіп, бақтарын сынап көрді. Жарыстың қорытындысында аудан намысын қорғаған ардагер спортшы Өтеген Мүбәрәк шахмат пен дойбы жарыстарында жүлделі бірінші орынды иеленді.

К.Серік,

Теректі ауданы

PHOTO-2025-02-13-09-56-06(1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале