17.02.2025, 12:30
Оқылды: 342

Теректілік Мәди Ғарифуллин чемпион атанды

Бүгін Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова жуырда ғана Түркістан қаласында өткен 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасындағы самбо күресінен Қазақстан Республикасының біріншілігінің жеңімпазы Мәди Ғарифуллинді қабылдады.

PHOTO-2025-02-17-11-35-14

- Сіздің жеткен жетістігіңізді барша теректіліктер естіп қуанын отыр. Өзіңіздің туған ауылыңыз бен ауданыңыздың, жалпы облыстың намысын қорғап, алтыннан алқа тағып келгеніңіз үшін алғысымыз шексіз. Жерлестеріңіздің атынан рахметімді айта отырып, алдағы уақытта өтетін үлкен додаларда топ жарып шығуыңа тілектеспіз. Еліміздің туын биікке көтере беріңіз», - деп жүрекжарды тілегін жеткізген аудан әкімі Әлия Биғазықызы Мәди Ғарифуллин мен оның бапкеріне естелік сыйлықтар мен алғыс хат табыстады.

PHOTO-2025-02-17-11-35-12

Нақтырақ айтсақ, бұл дүбірлі додаға Республикамыздың түкпір - түкпірінен көптеген спортшылар қатысты. Соның ішінде 49 кг салмақ дәрежесінде Батыс Қазақстан облысының намысын қорғаған спортшымыз, Теректі ауданына қарасты Ақжайық ауылының жас палуаны Мәди Ерланұлы жауырыны жерге тимей, өз салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Сонымен қатар І орынды қанжығасына байлаған ол, алдағы уақытта өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.

PHOTO-2025-02-17-11-35-13

Мәди Ерланұлы 2008 жылдың 7 маусым күні Теректі ауданы, Ақжайық елді мекенінде дүниеге келді. Қазіргі таңда Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы. Мәди Теректі ауданының балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі. Күрес үйірмесінің жаттықтырушылары Сұңғат Беккалиев пен Бейбіт Нигметов Мәдиді елішілік додаларда өнер көрсетуге бірден-бір себепкер болған білікті бапкерлер.

Т.Тоқмамбетов,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале