19.02.2025, 9:45
Оқылды: 254

Жаңақала ауданында «С-Болашақ» АӨК ашылды

Бүгін Жаңақала ауданында «С-Болашақ» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің ашылу салтанаты өтті. 2024 жылы өндіріс басшысы Амангелді Сатқали мал сою пунктін ашу мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 22,5 млн теңге көлемінде несие алған болатын.

f91c186d-e027-499e-8bf6-85fdd63438c6

Мемлекеттік қолдау нәтижесінде кәсіпорын өз жұмысын бастауда. Жиынға аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, аудан әкімі орынбасарлары, бөлім басшылары мен аудан тұрғындары қатысты. Аудан басшысы Алпамыс Жаңабайұлы мен ардагер Шахидолла Ишанғалиұлына сөз ұсынылып, құттықтау лебізін білдірді. Аталмыш ет комбинатының жетекшісінің әкесі Қуаныш Сапаров сөз алып, ұрпақтан ұрпаққа мирас болатын кәсіпті ұлының жүзеге асыратынына қуанышты екенін жеткізді.

0d629181-1053-4784-a280-67497c2901b4

– Балаларым мен ұрпақтарыма орны елеулі кәсіп болады деген оймен істі бастауды жөн санадық. Ұлым Амангелді үшін де жақсы бастама болды деп ойлаймын. Бұл ғимараттың ішінде  барлығы залалсыздандырылған. Сондай-ақ, мал сою, ет алу және сату қызметтері жұмыс жасайды. Алдағы уақытта мемлекеттен берілген несиеге шұжық цехына қажетті түрлі жабдықтар мен жартылай фабрикаттарды дайындайтын құралдармен қамтамасыз еткіміз келеді. Осы орайда, аудан әкімдігі мен бөлім басшыларына, қолдаған жанашыр жақындарыма шексіз ризашылығымды білдіремін,  - дейді Қуаныш Сатқалиұлы.

1c4113fa-263d-41e7-ae88-0752aa07db82

Әрі қарай, меймандар ішке еніп, ғимарат ішін тамашалады. Ақтан ауыз тиіп, естелік суреттерге де түсуді ұмытпады.

Сонымен қатар, көрген халық пен естіген ел де «мықтыдан мықты туар, мықтылық тұқым қуар» «асылдың сынығы», «іскер жан», «аудан жанашыры» сынды түрлі мақтаныш лебіздерін жаудырды. Аудан көлеміндегі халық қамы жолында жасалып жатқан нысанның бірі – бүгінде ел игілігіне қолданысқа берілді. Әрі қарай, «Ағайын» асханасында мерекелік үстел дайындалды.

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале