20.02.2025, 10:30
Оқылды: 147

Қазақтың зергерлік бұйымдарын Иордания патшайымы тағып жүр

Қазақтың зергер бұйымдарын Иордания патшайымы тағып жүр. Патшайым Рәния әл-Абдулланың алқалы жиындағы қазақи нақыштағы образы қызу талқыға түскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

прпр

Сурет: Ulysmedia.kz

Тоғыз жыл бұрын 

КТК мәліметінше, кадрлар Иордания тәуелсіздігінің 70 жылдығында түсірілген. Корольдің жұбайы ұлттық әшекейді көпшілік алдына тоғыз жыл бұрын алғаш тағып шығыпты.

Содан бері Рания әл-Абдулланың образы көптің есінде қалған. Әсіресе қыз-келіншектер қазақтың ою-өрнегін замануи стильмен үйлестіруді сәнге айналдырған. Оны зергерлер де растап отыр. Иордания патшайымы таққан әшекейлердің авторы — зергер Берік Әлібай.

Ол монархтың мойнынан өз қолымен жасаған әшекейді көрем деп ойламаған екен.

- Рәния ханымға мен өзім берген жоқпын. Жаңағы фотоны жібергенде, Рәния мойнына тағып тұрған бойтұмар көзіме оттай басылды. Өйткені ол тек қазақтың ғана емес, ол менің жасаған бұйымым дедім. Иә, сұраныс артты. Негіз қазір тұмаршаға, бойтұмарға сұраныс көп. Қанша жасасаңыз да, сонша сатылып кетеді, деп сұхбат берген зергер Берік Әлібай Kazinform.kz тілшісіне.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале