21.02.2025, 9:00
Оқылды: 448

Казталов ауданында «Қазақ әнінің Қадыры» атты ән байқауы өтті

Қара сөзге қанат бітіріп, қара өлеңнің қасиетін ұғындырған Қадыр ақынның сөзіне жазылған қаншама ән бар. Ақын мен сазгердің шеберлігі үйлесім тауып, ғұмыры ұзақ шығармалар ұмыт болмай ел есінде мәңгі қалады.

image-21-02-25-08-00-4

Казталов ауданындағы С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығында ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР мемлекеттік сыйлығы, Республикалық «Тарлан» сыйлығының иегері Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына арналған ақын шығармаларын кеңінен насихаттап және талантты өрендердің өнерін шыңдау мақсатында «Қазақ әнінің Қадыры» атты аудандық ән байқауы өтті. Байқау ІІ бөлімді қамтыды. І бөлімде Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған бір әнді шырқаса, ІІ бөлімде еркін тақырыпта ән шырқайды. Байқауға 10-13 аралығындағы бір үміткер ғана қатыса алады.

image-21-02-25-08-00-3

С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығының директоры Асхат Нығметов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сахна шымылдығын Мейрам Мақсот Т.Базарбаевтың “Тамаша” әнін орындап, жас өнерпаздарға керемет көңіл күй сыйлады.

Әділ қазылардың шешімі бойынша І орынды Ақжүрек Темірхан (Талдықұдық ауылы) иеленсе, ІІ орынды Айару Садықова (Тереңкөл ауылы) мен Ақбота Тілеген (Көктерек ауылы), ІІІ орынға Айзере Асылбек (Бостандық ауылы), Айша Есет (Қараоба ауялы), Жанарыс Іңкәр (Жұлдыз ауылы) ие болды.

Жеңіспаздарға дипломдар пен естелік сыйлық табысталды. Белсене қатысқан жас әншілерге алғысхат пен естелік сыйлық табыс етілді.

Мейірім Парасат,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале