21.02.2025, 9:15
Оқылды: 395

Ақжайық ауданында жеті отбасы үйлі болды

Ауданымызда тұрғын үймен қамтуда игі істер жалғасын тауып келеді. Соның нәтижесінде жаңа үйде қоныс тойын атап өткен жерлестеріміздің қатары көбейді.

IMG_8563 (1)

Аудан әкімі Мұрат Сердалин жалғыз баспанасы апатты деп танылған 7 отбасына жаңа үйдің кілтін табыстады. Олар Чапаев ауылынан Дариға Аймурзина, Дариға Кенжеғалиева, Раиса Шаяхметова, Көнеккеткеннен Мәулет Бекжанов, мергендік Құрманғазы Досмолдинов және Тайпақ ауылынан Қалампыр Ғұмарова мен Тойған Игилова.

– Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жетістігі ең алдымен халықтың тұрмыс жағдайымен өлшенеді. Тұрғын үймен қамту – осы жетістіктердің бір өлшемі. Бұл мақсатта ауданда біркелкі жұмыстар қолға алынды. Бүгін сіздер үшін – үлкен қуаныш. Осындай игі істеріміз алдағы уақытта да жалғасын табады. Құтты қоныс болсын, іші берекеге толсын, – деді аудан басшысы.

Айта кету керек, бұл баспаналар аудан бюджетінен қарастырылған 57 млн. теңгеге сатып алынды. 2019 жылдан бері үй апатты 22 отбасы жаңа баспанаға қоныс аударған. Кезекте қазіргі таңға 25 отбасы тұр.

Аида Асылбек,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале