21.02.2025, 11:00
Оқылды: 471

Круглоозерный кентінде әкім сайлауы өтеді

БҚО, Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес Круглоозерный кенті әкімінің сайлауы 2025 жылғы 2 наурызға тағайындалған болатын.

WhatsApp Image 2025-02-21 at 12.12.22
Кент әкіміне үміткерлерді ұсыну жұмысы алдын ала бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес қаңтар айының 22-сі басталып, 4-ші ақпанда аяқталды. Осы уақыт аралығында үш кандидат Круглоозерный кенті әкімі лауазымына үміткер ретінде өз құжаттарын ұсынды. Ақпан айының тоғызы күні үміткерлерді тіркеу жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде өзін-өзі ұсыну тәртібімен үш кандидат тіркеуден өтті.
Айта кетейік, кент аумағындағы үш учаскелік сайлау комиссиясы ақпан айының 10-нан бастап өз жұмыстарына кірісті. Олардың екеуі Круглоозерный ауылында, біреуі Серебряков ауылында орналасқан. Бұл учаскелік сайлау комиссиясының құрамында 23 мүше қызмет жасайды.
Жуырда Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Круглоозерный кентінде орналасқан учаскелік сайлау комиссиясы мүшелеріне арнап оқыту семинарын өткізді. Семинар барысында сайлау барысындағы ұйымдастыру жұмыстары, сайлаушылар тізімімен жұмыс, шақыру билеттерін тарату, сайлау учаскелірін жабдықтау, ақпараттық тақтайшаларды орналастыру, мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға жағдай жасау туралы бірқатар ақпараттар ұсынды.
Алдағы аптада учаскелік сайлау комиссиясы мүшелірінің қатысуымен сайлау күнгі жағдаяттарға сәйкестендітіп құралған іскерлік ойындар түрінде тағы бір семинар өткізу жоспарланған. Сондай-ақ семинар барысында сайлау күнгі учаскенің ашылуынан бастап, саяси науқанның өту барысы, қорытындылауға дейінгі процестер рөлдік ойындар түрінде пысықталып, комиссия мүшелері тестілеуден өтетін болады.

Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале