25.02.2025, 15:45
Оқылды: 229

Ұлттық қордан балаларға қанша қаражат бөлінді?  

«Ұлттық қорбалаларға» бағдарламасына еліміз бойынша 6 921 035 бала қатысудаОның 324 430-ы биыл 18 жасқа толады.

a68e8d6894edcc2667f978b71be2fd2c_original.141060

Сурет: gov.kz

 Еnpf.kz сайтындағы мәліметке сүйенсек, есепті жыл үшін барлық балаларға бірдей сома есептелді. Оның мөлшері бір балаға 129,38 АҚШ долларына тең. Бағдарламаға қатысушылардың санын және оларға есептелген 2024 жылғы жинақтар сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығын 2024 жылы алған балалар, сондай-ақ 2024 жыл ішінде қайтыс болған ұл-қыздар да ескерілді. Қайтыс болған балалардың нысаналы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Бұл ретте 2024 жылы қайтыс болған балалардың нысаналы талаптары БЖЗҚ-дағы НЖШ-ға (нысаналы жинақ шотына) есепке алынды. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысушылардың санын анықтап, оларға 2025 жылы қаражат есептеу кезінде жоғарыда аталған барлық деректер ескерілді. Сонымен қатар 2006 жылы туғандарды қоспағанда, 2024 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде бағдарламаға 2  жыл қатарынан қатысқан әр баланың нысаналы талаптары мен жинақтары 232 доллар 94 цент болды.  Сондай-ақ 2006 жылы туған және 2024 жылы 18 жасқа толған 304 815 өреннің бағдарламаға қатысу уақыты аяқталды. Олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін БЖЗҚ-да 2024 жылы автоматты түрде ашылған НЖШ-ға түскен өздерінің нысаналы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және білім алуға ақы төлеу мақсатында пайдалану құқығына ие болды. 01.01.2025 ж. жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ шамамен 5,32 млн АҚШ долларына 53 001 өтініш орындады (18 жасқа толған ҚР азаматтары қатарындағы өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударды). Баланың бағдарламаға қатысу дерегі және оған есептелген нысаналы талаптар туралы ақпаратты кәмелетке толмаған ұл-қыздың ата-анасы немесе басқа заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтынан тексере (баланың ЖСН бойынша) алады. «БЖЗҚ» АҚ БҚОФ директорының орынбасары Гүлмира Рашеваның берген мәліметі бойынша, өңірімізде «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына 218 808 бала қатысуда. Оларға 28 309 379, 04 АҚШ доллары аударылды.

Гүлжамал Жолдығали,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале