Кеше Жаңақала ауданы әкімдігінің ғимаратында аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаевтің төрағалығымен жеке кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында түсіндіру жиыны өтті.

Шараға БҚО «DAMU» кәсіпкерлікті дамыту қоры» өңірлік филиалының клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджері Гүлдана Қанатованың, «AQJAIYQ» АКК АҚ төраға орынбасары Жанат Бекқалиеваның, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ БҚО филиалының шағын бизнесті несиелендіру орталығының аға менеджері Сұңғат Райм мен бөлім басшылары, ауданның жеке кәсіпкерлері, шаруа қожалық басшылары қатысты. Жиын сұрақ-жауап форматында өтіп, аудан кәсіпкерлері өздерінің толғандырған мәселелері бойынша сұрақтарына жауабын алды.
Сыйлыхан Жұмасалық,
Жаңақала ауданы