Теректі ауданы Покатилов ауылдық округінде грек-рим күресінен 2009-2011, 2012-2016, 2017-2018 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Респупбликасының спорт шебері, Алматы қаласының республикалық мектеп-интернатының түлегі, жастар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы Рахымжан Қазиевтың 50 жас мерейлі тойына арналған аудандық ашық турнир ұйымдастырылды.

Аталмыш жарысқа Теректі, Бөрлі, Шынғырлау, Бәйтерек аудандары мен Орал қаласынан бірнеше команда келіп қатысты. Сонымен қатар Қызылорда облысынан да келіп грек-рим балуандары өз бақтарын сынап көрді. Тартысты өткен жарыс нәтижесінде жалпыкомандалық есепте теректіліктер жеңістің биік тұғырынан көрініп, ауданымыздың мерейін үстем етті. Екінші және үшінші орындарды Шыңғырлау мен Бөрлі ауданынан келген спортшылар өзара бөлісті.
Л.Халина,
Теректі ауданы