2.03.2025, 9:09
Оқылды: 281

«Науқанды ауыл халқы болып абы­роймен өткізуге тілектеспін» – Мереке ауылдық округінің тұрғыны

Тасқала ауданына қарасты Мереке ауылдық округінің әкімін сайлау науқанына ауыл тұрғындары таңмен келіп, дауыс беріп жатыр.
96534ae4-44f4-4ccf-b0cb-b79addf14982
– Бүгін ауылымызда маңызды науқан әкім сайлауы басталды. Менде таңғы шәйімді ішпестен елдің болашағы үшін дауыс беруге келдім. Шүкір, ауы­лы­мызда біраз шаруалар жүзеге асып жатыр. Ең бастысы, ауылдағы ағайынның ауызбіршілігі бекем, сон­дықтан бір­лік болса, тірлік те өнбек. Ауы­лда жасалып жатқан әр­бір істің берекелі болатынына сене­мін. Кандидаттардың сайлауалды бағ­дар­­ламаларымен ақпарат құ­рал­да­ры арқылы етене таныстым. Онда үміткерлер сайлауалды бағдар­ла­ма­сына ауылдағы өзекті мәселелерді шешуді арқау еткен екен. Енді соның барлығы алдағы 4 жылда шешімін табуына жұмыс жасаса болғаны. Саяси науқан әділ, ешқандай те­жеу­сіз, жақсы көңіл-күйде өтіп жатыр. Науқанды ауыл халқы болып абы­роймен өткізуге тілектеспін, – дейді ауыл тұрғыны жетпістен асқан Дәмелі Маюкова.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале