2.03.2025, 11:11
Оқылды: 342

Мерейлік тұрғындар ауыл әкімін сайлауда белсенді қатысып жатыр

Тасқала ауданы Мерей ауылдық округінің тұрғындары да 343 сайлау учаскесіне бір кісідей жиналып, өз таңдауларын жасауда. Соның ішінде ауыл тұрғындары сайлау учаскесіне келіп, өз дауыстарын беріп жатыр.

photo-output

Олардың қатарында Қонаев және Абай көшесінің ынтымағы жарасқан тұрғындары да бар. Ауыл ақсақалдары мен жастары ел болашағы үшін өз таңдауын жасап, саяси науқанға белсенді түрде атсалысуда.

photo-output
«Біз таңмен тұрып, көршілер болып бірге келдік. Ауылымыздың болашағы үшін дауыс бердік. Бүгін әрбір тұрғынның дауысы маңызды деп есептеймін. Сайлауға түсіп жатқан кандидаттарды да жақсы танимыз, бағдарламаларымен таныстық. Барлығы да елге қызмет етуді мақсат еткен азаматтар. Сондықтан өте жақсы сайлау болады деп ойлаймын», - дейді ауыл тұрғыны Ақболат Құрақбаев.
Тұрғындардың айтуынша, олар бұл сайлауды ерекше жауапкершілікпен қабылдап отыр. Себебі әрбір дауыс ауылдың, ауданның, тіпті елдің дамуына әсер етеді.

Назерке Шайхолла
Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале