6.03.2025, 14:45
Оқылды: 486

Жаңақалалық арулар жарыс жолында

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Жаңақала аудандық «Jastar» спорт клубында әйелдер арасында волейболдан аудандық жарыс өтті. 

image-06-03-25-11-15

image-06-03-25-11-15-1

Алдымен көк Туымыз көкке көтеріліп, еліміздің Гимны шырқалған соң, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Еслямғалиева аруларымызды мерекелерімен құттықтап, жарыс жолында сәттілік тіледі. Жарысқа 11 команда қатысты.

image-06-03-25-11-15-3

Бір күнге созылған спорт бәсекесінде нәзік жандыларымыз жеңіске жету үшін барын салды. Олар тартысты ойын өрнегін көрсетіп, допты додада өздерінің  ептілік пен жылдамдық қабілеттерін паш етті. Нәтижесінде І орынды сөзсіз  №3 ЖОББМ-нің арулары жеңіп алса, ІІ орынға аудандық аурухана, ІІІ орынға Жаңақала ЖОББМ-нің қыздар құрамасы жайғасты.

image-06-03-25-11-15-7

Ал  «Үздік ойыншы» аталымына Ұлжан Әбекенова, «Үздік шабуылшы» аталымына Мөлдір Хамза, «Үздік байланыстырушы» аталымына Ділшат Талапқалиева лайық деп танылды. Жеңімпаздарға арнайы диплом, медальдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Айзада Ақбасова, 

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале