Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының Садық Жақсығұлов атындағы орта мектепте «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Жасампаздық және жаңашылдық» атты айлық өтті.

Сурет: сайт архивінен
Айлық аясында 8-11 сынып оқушыларына деструктивті діни ағымдардың алдын алу бағытында жұмыстар жүргізілді. Оқушылардың бойындағы патриоттық сезімді арттыру, қоғамдағы зайырлылық қағидаттарының нығаюына қатысты түсінік жұмыстары ұйымдасытрылды.
Іс-шара барысында дәстүрлі құндылықтарымыздың берік сақталуын қамтамасыз ету мақсатында бейнеролик көрсетілді.