8.03.2025, 17:30
Оқылды: 272

Ардақтылар мен аяулылар аудан әкімдігінің төрінде

Көңілдерге көктем шуағындай нұр құйып, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Әлемнің сегізінші кереметіне теңестірілетін әйелдер қауымын бақытқа шомылдырып, шексіз құрметке бөлейтін бұл күнде Жәнібек ауданының түрлі саласында қызмет етіп жүрген арулар мен аналарға да ерекше қошемет көрсетіледі.

image-07-03-25-08-51-5
Бүгін аудан әкімдігінде мерекеге орай аудан әкімінің салтанатты құттықтау жиыны өтті. Аудан әкімі Тимур Шиниязов барша әйел қауымын төл мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды лебіздерін жеткізді.

image-07-03-25-08-51-1

Құттықтау сөзінен соң аудан басшысы өз ісінің майталмандары ретінде ерекше көзге түскен жаны нәзік жұмысшы мамандық иелері, құқық қорғау, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және қоғам өміріне белсене араласып, ел ішінде абыройға бөленіп жүрген нәзік жанды әйелдер қауымына түрлі дәрежедегі алғысхаттарын табыс етті.

image-07-03-25-08-51
Соның ішінде, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, шекара қызметі директорының алғысхатымен Анжела Дускаева марапатталса, Батыс Қазақстан облысы әкімінің құттықтаухатына Фатима Алимова мен №1 мектеп-лицейінің мұғалімі Әсел Ниғметова ие болды. Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының алғысхатымен Бақытгүл Хабиева, Жанна Сейтекова марапатталса, Батыс Қазақстан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының алғысхатына Нұргүл Мұстаева лайықты деп танылды. Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының атынан Гүлмира Есниязоваға құттықтаухаты берілді.

image-07-03-25-08-51-7

Сонымен бірге Жәнібек ауылы әкімі аппаратының есепшісі Сәуле Жақсағұлова бастаған еңбеккер әйелдер қауымына аудан әкімі Тимур Серікұлының атынан алғысхаттар табысталды.

image-07-03-25-08-51-6
Сонымен бірге салтанатты шарада Жәнібек ауданы бойынша ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі міндеттерін адал атқарып жүрген әскери қызметтегі әйелдер мен кіші қызметкер ханымдарға шекара басқармасы бастығының орынбасары Ғани Қадырханов алғысхаттар табыс етті. Ал қоғамдық тәртіпті қалыптастырып, ел тыныштығын сақтап, «ел қорғаны» деген атаққа абыройлы қызмет етіп жүрген азаматтарды өсіріп тәрбиелеген офицерлердің аналары мен әйелдеріне аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция майоры Мейрамхан Бапахов мерекелік төсбелгі тақты.

image-07-03-25-08-51-8
Құттықтау рәсімінен соң аналардың құрметіне аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпазы Райымбек Кәрімов әсем әнін арнады.

image-07-03-25-08-51-4

Ал №1 мектеп-лицейінің ер азаматтарынан құрылған хор мерекенің гимніне айналған «Ана туралы жыр» әнімен салтанатты шараны түйіндеді. Әрмен қарай, жиылғандар аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған мерекелік шараға бет алды.

Арай Сейфолла
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале