13.03.2025, 12:30
Оқылды: 539

Сырым ауданында аймақтық - республикалық айтыс өтеді

Сырым елінде дала ақыны Хангерейдің құрметіне әрі Наурыз мерекесі қарсаңында аймақтық - республикалық айтыс өтеді.

WhatsApp Image 2025-03-13 at 13.10.19

Жымпиты сахнасында Батыс Қазақстан облысының таңдаулы ақындары Талғат Мықи, Айнабек Бисенғалиев және Мұрадым Мирланов республикаға танымал әріптестері  - шоу айтыстың шебері, атыраулық Шалқарбай Ізбасаров, ақтөбелік ақын Жұлдыз Қожабекова және Шымкент қаласының шайыры Қажымұқан Абзаловпен жолдастық кездесу өткізеді деп күтілуде. Кешті ақын Бауыржан Ширмединұлы жүргізеді. Наурыз айтыс - көрермендер үшін керемет сый болмақ.

Айтыс 14 наурыз күні, аудандық мәдениет үйінде, сағат 16:00 - де басталады. Кіру тегін.

 

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале