17.03.2025, 12:00
Оқылды: 235

Оралдық сарбаздар «Молда» фильмін тамашалады

Орал қаласындағы ҚР Ұлттық ұланы 5517 әскери бөлімінің сарбаздары 16 наурыз күні «Галактика» кинотеатрында «Өнер қырандары» театры түсірген «Молда» фильмін тамашалады. Бұл шара сарбаздардың демалыс күндері аясында ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2025-03-17 at 11.25.16

Театр жетекшісі Мадияр Серікбаев бұл сәтті өз Instagram парақшасында бөлісіп, сарбаздардың отандық фильмді қолдағанын атап өтті. «Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар “Молда” фильмін тамашалады», – деп жазды ол.

Әскери бөлімнің сарбаздары фильмнен үлкен әсер алғандарын айтып, оның тәрбиелік маңызы зор екенін жеткізді. Олар үшін бұл тек кино көру емес, ұлттық құндылықтар мен имандылықты дәріптейтін ерекше тәжірибе болды.

Осындай туындылар сарбаздардың рухани дамуына оң ықпал етіп, олардың моральдық-психологиялық даярлығын арттыруға септігін тигізетіні сөзсіз.

ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале