18.03.2025, 11:15
Оқылды: 148

БҚО-дағы «Қаладан – Ауылға» бағдарламасына өзге өңірлер қызығушылық танытуда

 

Орал қаласында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің көшпелі отырысы өтті. Іс-шараға БҚО басшылығы мен аудан әкімдері  және өңірлерден мәслихат төрағалары қатысты.

WhatsApp Image 2025-03-18 at 11.55.53

Басқа облыстардан келген қатысушылар Батыс Қазақстан облысында іске асырылып жатқан «Қаладан – Ауылға» бағдарламасының мүмкіндіктерімен танысты.

WhatsApp Image 2025-03-18 at 11.55.53 (1)

«Қаладан Ауылға» бағдарламасы БҚО-да 2024 жылдың басынан бері жүзеге асырылуда. Бағдарлама Мемлекет басшысының ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында іске қосылған.

WhatsApp Image 2025-03-18 at 11.55.54

Жобаның мақсаты:

  • Азаматтардың ауылға келуін ынталандыру;
  • Халықтың көші-қонын азайту, ауылдық жерлерде жұмыс күші тапшылығын жою;
  • Ауылдық жерлерді, агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуды қамтамасыз ету;
  • ШОБ субъектілерінің санын арттыру;
  • Тұрақты жұмыс орны жоқ қала азаматтарының, сондай-ақ жас отбасыларының әлеуметтік мәселелерін шешуге қолдау көрсету.

Бүгінде бағдарлама аясында БҚО-да ауылдарға  104 отбасы қоныс аударған (519 адам).

WhatsApp Image 2025-03-18 at 11.55.54 (1)

Жиын барысында БҚО әкімі Нариман Төреғалиев «Қаладан- Ауылға» бағдарламасы Мемлекет басшысының ауылдық жерлерде халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және қолайлы орта қалыптастыру жөніндегі тапсырмасы аясында іске асырылып жатқанын атап өтті.

- Ауылдық аумақтардағы халықты тұрақтандыру, ауылдарды сақтап қалу және ауыл экономикасын жандандыру үшін өңірімізде 2024-2026 жылдарға арналған «Қаладан Ауылға» пилоттық жобасы іске асырылуда. Жоба аясында қала тұрғындары ауылдық жерге қоныс аударған кезде қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясында азматтарға қолдау көрсетілуде, - деді БҚО әкімі Нариман Төреғалиев.

WhatsApp Image 2025-03-18 at 11.55.54 (2)

Сондай-ақ, аудан деңгейінде қоныс аударушыларды баспанамен және жұмыспен қамту бойынша жұмыстар жүргізілуде және кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсетілуде.

WhatsApp Image 2025-03-18 at 11.55.54 (3)

Өзге облыстардан келген қатысушылар бағдарламаның тиімділігін атап өтіп, өз тараптарынан қызығушылық танытты.

                                                                    БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале