26.03.2025, 13:00
Оқылды: 189

Қазақстандықтар үлестік құрылыс объектілерін eGov Mobile қосымшасында тексере алады

EGov Mobile мобильді қосымшасында сервис іске қосылды, оның көмегімен қазақстандықтар салынып жатқан үлестік құрылыс объектілерінің заңдылығын тексере алады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жазды.

9df6bc61c3fdcc7ea077593a692e9a78_1280x720

Сурет: gov.kz

 

Жаңа қызмет ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ынтымақтастығымен іске асырылды.

aa969d882d0d98d8830d0203cfb299fd_1280x720

«Жаңа сервис азаматтарға жылжымайтын мүлікке тәуекелді инвестицияларды белсенді түрде тексеруге және жосықсыз үлестік құрылыс компанияларының қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Қызмет енді барлық азаматтарға eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Бұл Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығының ашықтығы мен қауіпсіздігіне жасалған тағы бір қадам!», – атап өтті ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова.

ff525ff80b0b1298cff114291b5f6557_1280x720

Сервис пайдаланушыны «Тұрғын үй порталы» ақпараттық жүйесіне бағыттайды, онда Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының кепілдігі немесе үлескерлердің қаражатын тартуға әкімдіктің рұқсаты бар барлық заңды түрде салынып жатқан үлестік құрылыс объектілері туралы толық ақпарат ұсынылады.

793b361625cce96b922b9edfae36f04a_1280x720

Нысандар туралы ақпарат алу үшін пайдаланушыға 3 қарапайым қадамды орындау қажет: EGOV mobile қосымшасына кіріп, «Басты» бөліміне өтіп, «Басқа қызметтер» батырмасын басу. Одан кейін, қызметтер тізімінен «Тұрғын үй порталын» тауып, тиісті бетке өту үшін батырманы басукерек. Сосын тұрғын үй порталында объектіні іздеу үшін пайдаланушыға БСН, құрылыс салушының немесе тұрғын үй кешенінің атауын енгізу қажет.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале