26.03.2025, 14:45
Оқылды: 147

«Ауыл – ел бесігі»: биыл 500-ге жуық ауылдық аумақта 900-ден астам жоба іске асырылады

ҚР Ұлттық экономика министрлігі 2023-2027 жылдарға арналған Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын жүзеге асырып жатыр. Бұл құжат ауыл өмірінің әртүрлі салаларын қамтитын бірқатар бағдарламалық құжаттардың ережелерін біріктірді. Ведомство жауапты болып табылатын «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2019 жылдан бастап ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға 701 млрд теңге бөлініп, 2,2 мың ауылда 6,6 мыңға жуық жоба іске асырылды.

439b2eec-c340-48f1-bada-07a4dfc9923e

«Нәтижесінде 5,3 мың км көлемінде инженерлік желілер, сондай-ақ 7,9 мың км ауылішілік жолдар жаңғыртылды, басқа да бірқатар әлеуметтік нысандар жаңадан салынды немесе қайта жаңғыртылды. Биыл 500-ге жуық ауылдық аумақтарда 900-ден астам жобаны іске асыруға 176,4 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржы әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға бағытталады», - деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

2023-2024 жылдары ауылдарды дамытуға барлық көздерден 2 трлн теңгеге жуық бөлінді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале