9.04.2025, 10:15
Оқылды: 148

​Қазақстан Дженнифер Лопестің концертінен қанша табыс табады?

​Америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің 1 тамызда Астанада өтетін концерті ел бюджетіне 400 миллион теңге кіріс әкеледі. Бұл туралы Astana Venue Management компаниясының бас директоры Мәлік Хасенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

дло

Сурет: Massaget.kz 

Хасеновтың айтуынша, поп-жұлдыздың концертіне 15 мыңнан астам шетелдік турист келеді.

"Дженнифер Лопестің келуі Астананы А санатындағы жұлдыздардың гастрольдік картасына енгізетін маңызды сәт болады. Күтілетін экономикалық әсер – 15 мыңнан астам шетелдік турист. Қаланың экономикасына жалпы үлес 6,5 миллиард теңгені құрайды, оның ішінде HoReCa жүйесіне және концертті өткізуден тікелей салық түсімдері 400 миллион теңгеден асады", – деді Хасенов үкімет отырысында.​

HoReCa – бұл туристер мен қала қонақтарының тұру, тамақтану, кафе/мейрамханалардағы қызмет көрсету және басқа да байланысты қызметтерге қанша қаражат жұмсайтынын есептейтін жүйе:

Ho – Hotels (қонақ үйлер);
Re – Restaurants (мейрамханалар);
Ca – Cafes / Catering (кафелер мен кейтеринг).
Еске салсақ, Дженнифер Лопес 1 тамызда Астанада өнер көрсетеді. Ол Қазақстан астанасына өзінің Up All Night атты әлемдік турнесі аясында Абу-Дабиден келеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале