9.04.2025, 15:00
Оқылды: 302

Сырымдық математикті әкім қабылдады

Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткен «Оқу & математикалық сауаттылық: табысты синергия» атты республикалық мега жобаның жеңімпазы, сырымдық педагог Нұрсұлтан Жәнібекті қабылдады. 

IMG_0423

Сырым мектеп - лицейінінің математика пәнінің мұғалімі Нұрсұлтан Жәнібек “Zerdeli” ақыл - ой дамыту мектебі ұйымдастырған білім додасында Батыс Қазақстан облысы құрамасының мүшесі ретінде қатысты. Оралдан барған команда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 100 мұғалімі мен 100 математик қатысқан білім бәсекесінде  топ жарды. Олар оқу сауаттылығы мен логикалық ойлау қабілеті бойынша өзара сынға түскен.

Жұмагелді Батырниязов Нұрсұлтанның жеңісі Сырым ауданының білім беру ісінің жарқын көрінісі екенін, аудан зияткер әрі ізденімпаз мұғаліммен мақтанатынын айтты.

Қабылдауға Сырым ауданы әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Тимур Құбаев, білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Жамбылов және Нұрсұлтан еңбек ететін білім үйі - Сырым мектеп - лицейінің директоры Самал Батырова қатысты.

IMG_0428

Жұмагелді Жолдыбайұлы жеңімпаз ұстазға құттықтау хат пен естелік сыйлық тапсырды. Әрине, оқу - ағарту ісінің жас бірақ алғыр, табысты өкілдерін қолдау бір реттік қабылдаумен не жылқының мүсінін сыйлаумен шектелмейтіндігі белгілі. Біз оларға кең шығармашылық мүмкіндік, ғылыми шеберхана базасын ұсынуға тиіспіз.

Ақпарат өкілі ретінде  өз тарапымыздан математик Нұрсұлтан Жәнібек туралы республикалық арнаға сюжет дайындау, аудандағы мектеп - лицейдің әлеуетін көтеру турасында ұсыныстар айттық.

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале