Казталов ауданы әкімінің орынбасары Серік Қайырлиевтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Маңызды комиссияда көпбалалы және қолайсыз отбасыларды қолдау шаралары, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, қылмыстардың алдын алу, әйелдерді оқытып, кәсіпкерлікке тарту және осы бағыттағы өзекті төрт мәселе талқыланды.
Бірінші мәселе — қолайсыз отбасылармен атқарылған жұмыстар жөнінде аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Джангереева баяндады. Екінші мәселе — Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы аудандық полиция бөлімі тарапынан атқарылған іс-қимылдар. Сонымен бірге өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылармен жұмыс істеу туралы қорытынды есеп бойынша аудандық полиция бөлімінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы Нұрсұлтан Усахов, Жалпақтал полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Гүлдара Жалелова есеп берді. Еңбек нарығында әйелдердің жұмыспен қамтылуының деңгейі мен кәсіппен шұғылдануға берілетін бағдарламалармен әйел азаматшаларының белсенділігі бойынша аудандық мансап орталығының директоры Эльмира Сармалаева, І тоқсан бойынша орталықта атқарылған жұмыстар бойынша есеп жөнінде отбасын қолдау орталығының директоры Айдана Сапарова баяндама жасады.
Жиын одан әрі қатысушылардың пікірімен жалғасын тапты. Аудандық мансап орталығының директоры Эльмира Сармалаева, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім басшысы Әлия Жақсыбаева оқушылардың тәрбиесіне қатысты ұйымдастырылатын іс-шараларға назар аудару керектігін айтып, қадағалауды тапсырды.
Гүлнұр Бөлешова,
Казталов ауданы