9.04.2025, 19:00
Оқылды: 201

Жәнібек колледжінің ұжымы фестиваль-байқаудың шымылдығын ашты

Биыл талай боздақтың өмірін жалмаған Ұлы Отан соғысында жеңіс туының желбірегеніне тура 80 жыл толғалы отыр. Осыған орай Жәнібек ауданында мекемелер арасында «Қаһарман аудан – Жәнібек» тақырыбында фестиваль-байқау ұйымдастыру жоспарланған болатын.

image-09-04-25-05-59-1

Бүгін аудандық мәдениет үйінде алғаш болып М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің ұжымы фестивальдің шымылдығын ашты.

Өзге мекемелерден белсенділігі және ұйымшылдығымен ерекшеленетін ұжым көзіқарақты көрермен артқан сенімді толығымен ақтап шықты деп айтуға негіз бар.

image-09-04-25-05-59-3
Уақыттың тапшылығына қарамастан, қойылымдарында сұрапыл соғыста қанға бөккен ұрыс даласын көркем суреттей білген ұжымның жан-жақты өнерлі екендіктері осы кеште байқалды. Соғыстағы майдан хаттары мен соғыс алаңынан үзінді көрсетілді. Әрі қарай «Соғыстан қайтқан солдаттар», «Кестелі орамал», «Катюша», «Әлия» сынды жеңіс құндылығын мәңгілік есте сақтайтын әндер шырқалды.

image-09-04-25-05-59-4

Көптің көңілінен шықан шарада аталмыш мекеменің басшысы Берік Ықсанов «Журавли» әнін нақышына келтіре орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Кеш «День Победы» әнімен өзінің шарықтау шегіне жетті.

image-09-04-25-05-59
Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бекет Әліпқалиев бүгінгі айтулы шарада мекеме ұжымының жоғары деңгейде өнер көрсеткенін және қазылар алқасына әділ төрелік ету керектігін айтты.
Аудан тұрғындары 14 сәуір күні А.Оразбаева атындағы негізгі мектебінің концерттік бағдарламасын тамашалайтын болады.

Бану Самат
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале