9.04.2025, 21:00
Оқылды: 216

Тасқала ауданында облыстық семинар өтті

Бүгін Батыс Қазақстан облысы әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық деңгейде семинар өтті.

«Зерттеу тәсілдері арқылы жұмыстың тиімділігін арттыру» тақырыбында өткен семинар бастауыш сыныпта ұлттық құндылық элеметтерін сабақта қолдану арқылы зерттеу әдістерін тиімді пайдалану негізінде мұғалімдерді ізденіске және педагогикалық шеберлікке тарту, кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылды.

IMG-20250409-WA0180

Бүгінгі тақырып қазіргі заман мұғалімінің кәсіби өсуіне және біліктілігін арттыруға үлкен әсер ететіні анық. Семинар бағдарламасына сай мектеп акт залында «Жарқыра жас дарын!» атты мектеп оқушыларының дайындаған концерттік бағдарламасымен басталды. Мұнда оқушылар ұлттық өнерді дәріптейтін бағдарламамен, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

IMG-20250409-WA0159

Концерттік бағдарлама аяқталысымен, семинардың негізгі бөлімі басталды. Бастауыш сынып мұғалімдері «Дыбыстар қандай болады?», «Есептік және реттік сан есім», «Дара және күрделі етістік» «Көлеңке қалай пайда болады?», «Көкжиек тұстары» «Жаңбырдың пайдасы» тақырыптарында сабақтар өткізді. Мұғалімдер өз тәжірибелерін ортаға салып, сабақ барысында ұлттық құндылықтарды тиімді пайдалану тәсілдерін көрсетті. Мектеп акт залында «Қой-малдың құттысы» тақырыбында өнеге сағаты өткізілсе, «Мектеп метросы:білім бекеттері» тақырыбында қатысуышлар мектеп ішіне саяхат жасады. Сонымен қатар семинардың әдістемелік шеберхана бөлімінде «Көңілді сәт» психологиялық тренигі өткізіліп, «Ғылыми жобаның құрылымы мен ерекшеліктері», «Оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында ұлттық құндылықтарды сабаққа тиімді қолдану», Білім мен тәжірибе арасындағы көпір:Сабақтағы функционалдық сауаттылық», «Қазақтың көзешілік өнері», «Көңілді әуен әлемінде» тақырыптарында мұғалімдер республикалық жүлдеге ие болған ғылыми жобаларымен таныстырып, сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер көрсетіп, саз балшықтан жасалған құмараны безендіру сынды практикалық жұмыстар жүргізді.
«Бүгінгі семинар біз үшін өте маңызды болды. Ұлттық құндылықтарды сабақтарымызда қолдану арқылы, біз оқушыларымызды тек біліммен ғана емес, сонымен қатар мәдениет пен тәрбиеге де баули аламыз. Семинарға қала және 12 ауданнан 70-ке жуық бастауыш сынып мұғалімдері мен әдіскерлері қатысты. Семинар үш негізгі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде жоғарғы сынып ұстаздары мен бастауыш сынып ұстаздары кіріктірілген сабақ берді.

IMG-20250409-WA0115

Сабақтар жоғары деңгейде өтіп, өз нәтижесін берді. Екінші бөлімде мұғалімдер өздерінің кәсіби біліктілігін көрсету мақсатында шеберлік сыныптары өткізілсе, үшінші бөлімде қатысуышлар бүгінгі семинардан алған тәжірибелерімен бөлісіп, кері байланыс жасады»,-дейді Батыс Қазақстан облысы әдістемелік орталығының бастауыш сынып әдіскері Жұлдыз Жакина.

Мектеп Жп Тасқала ауданынан
Өткізілген семинар бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыруға, өзара тәжірибе алмасуға және білім беру саласында жаңа жетістіктерге жетуге үлкен мүмкіндік болды. Семинардың нәтижесінде мұғалімдер ұлттық құндылықтарды оқу үдерісіне енгізудің маңыздылығын түсініп, әрі қарай өз сабақтарында қолдануға бел байлады.

Болат Бек
Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале