
Сурет: istockphoto.com
Ресми деректерге сүйенсек, соңғы анықталған жағдайлардың көпшілігі — мектеп жасындағы, қызылшаға қарсы тек бір реттік вакцина алған балалар арасында кездесіп отыр. Осыған байланысты мамандар ата-аналарға балаларын екі дозалы вакцинамен егуді ұсынып, аурудың алдын алуға шақырды.
Дәрігерлер қызылшаның — жоғары жұқпалылықпен сипатталатын және ауыр асқынуларға әкеп соғуы мүмкін вирус тудыратын инфекциялық ауру екенін ескертеді. Оның негізгі белгілеріне қызба, құрғақ жөтел, мұрыннан су ағу, тамақ ауруы және көздің шырышты қабығының қабынуы жатады.
Медицина қызметкерлерінің айтуынша, бұл аурудан қорғанудың жалғыз тиімді жолы — уақытылы вакцина салдыру.