Warning: session_start(): open(/tmp/sess_dokotu320fhjp0dupraiv9a1fp, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Елімізде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілер реестрі кеңейтілді - официальные новости ЗКО
14.04.2025, 20:00
Просмотры: 162

Елімізде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілер реестрі кеңейтілді

Премьер-Министр орынбасары — Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі бұйрығымен әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі жаңартылды. 

4

Сурет: freepik.com

Бұрынғы тізілімде 835 әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі болған, жаңа тізімде олардың саны 1094-ке жетті. Олардың қатарында қоғамдық қор, жеке кәсіпкер және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар.

Атап айтқанда:

— Мүгедектер жандардың тәуелсіз өмірі «ДОС» орталығы» қоғамдық бірлестігі;

— Астана қаласындағы аутизмі бар балалардың ата-аналардың «Орда» қоғамдық бірлестігі;

— «Керемет жол» республикалық қоғамдық бірлестігі;

— «Tiflosmart» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі;

— «Шеберлер елі» мүгедектер қоғамдық бірлестігі;

— «Әйелдер достығы орталығы» қоғамдық бірлестігі;

— «Алтын шуақ» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі және басқалар бар.

Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале