16.04.2025, 12:45
Оқылды: 155

Өңірлер өрт сөндіру үшін қажетті техникамен қосымша жабдықталады

ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиевтің айтуынша, еліміздің оңтүстік және батыс өңірлері үшін өрт маусымы 26 наурыздан, солтүстік және орталық өңірлер үшін 7 сәуірден, шығыс өңірлер үшін 14 сәуірден бастап белгіленді. Министрлік мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, ірі орман өрттеріне жол бермеу жөнінде шараларды қабылдап жатыр, - бұл туралы бүгінгі Орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтылды. 

307728dd-9230-4903-bca5-eec062c7e194

Сурет: telegram.org

«Бүгінгі күні ЭТРМ мекемелері үшін136 шағын орман патрульдік кешені мен 60 трактор сатып алынды. Қалған 166 өрт сөндіру машинасы, 27 шағын орман патрульдік кешені мен 15 трактор маусым айының соңына дейін сатып алынады. Облыс әкімдіктері орман шаруашылығын жарақтандыруға биыл жергілікті бюджеттен 6,3 млрд теңге бөлді. Осылайша, жыл соңына дейін әкімдіктердің орман шаруашылықтарына 186 өрт сөндіру машинасын, 186 шағын орман патрульдік кешенін және 247 тракторды сатып алу жоспарланған. Қабылданған шаралар еліміздің, орман өрті ең көп орын алатын, 11 өңірдің орман шаруашылықтарының техникасын жаңартып, жарақтандыруға мүмкіндік береді», - деді спикер.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале