17.04.2025, 9:30
Оқылды: 332

“Таза Қазақстан” - таза ауыл!

Сырым ауданы бойынша наурыз айынан бастап «Санитарлық-экологиялық айлық ұйымдастыру және абаттандыру, көгалдандыру мен санитарлық тазалық жұмыстары туралы» аудан әкімдігінің өкімі негізінде экологиялық айлық жарияланды. 

PHOTO-2025-04-12-09-37-06

«Таза Қазақстан» акция аясында Сырым ауданы бойынша 7,4  тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды. Жұмыс 6 дана техника мен мекемеде қызмет істейтін тұрғындар жаппай жұмылудың арқасында бітті. Тазалық керуеніне биыл 40 бизнес субектісі қатысты. Бірақ, жеке тұрғындардың ауылдың жалпы тазалығына атсалысуы бәсең.

Сырым аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәлімдеуінше,  2025 жылы барлық ауылдық округтерді қоса алғанда көктем мезгіліне 6080 тал және күздігүні 4885 дана көшет отырғызу жоспары жасақталып, бекітілген. Бұл дегеніңіз  биыл 10965 көк тал жерге қонады деген сөз.

 

Б. Шерім,

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале