22.04.2025, 15:00
Оқылды: 277

Оралдық ұландықтар – үздіктер қатарында

Ақтау қаласындағы Ұлттық ұланның 6656 әскери бөлімінің базасында өткен ҚР Ұлттық ұланының XXIII спартакиадасы аясындағы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының чемпионатында Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімнің жауынгерлері үздік үштіктен көрінді.

a07156e5-0c3d-4e3d-83cb-98928095ebbc

Әскери үшсайыс, жеңіл атлетикалық кросс және жауынгерлік қарудан оқ ату бойынша өткен байрақты бәсекеде барлығы 6 команда құрамында 50-ге жуық спортшы бақ сынады. Қарсыластарынан оқ бойы оза шапқан оралдық ұландықтар жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленіп, өздерінің кәсіби даярлығы мен мықты ұйымшылдығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

726d20c4-fe23-494f-88b7-546761ca63b1

Мұндай жарыстар әскери қызметшілердің дене даярлығын шыңдап қана қоймай, жауынгерлік рухты көтеріп, бөлімшелер арасындағы ынтымақтастық пен бірлікті арттыра түсетіні сөзсіз.

ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале