БҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» АҚ қызметінде қоршаған ортаға ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарындылары мен төгінділерінің жалпы көлемі 264 тонна фактілерін анықтады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы жазды.

Сурет: kpo.kz
Осыған байланысты қадағалау актісі бойынша Компания ӘҚБтК-нің 328-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу), жалпы сомасы 739 568 808 теңгеге айыппұлдар толығымен өндірілді.