Шай - құрамында майлар, ақуыздар мен көмірсулар бар толыққанды өнім. Бұл туралы эндокринолог Наталья Новикова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

- Шай - өсімдік өнімі. Оның құрамында көмірсулар, майлар және ақуыздар бар. Олар өте аз мөлшерде, бірақ бар, - деді ол "РИА Новостиге" берген сұхбатында.
Сонымен қатар аш қарынға ішілген шай су сияқты денеден артық ферменттерді кетіруге және ұйқыдан кейін ас қорытуды ынталандыруға көмектесе алмайды.
- Аш қарынға ішілген су ас қорытуға қатыспайтын ферменттердің бөлінуіне себеп болады. Олар ағзадан сумен бірге кетеді, одан кейінгі таңғы ас толық қорытылады, - деді дәрігер.
Нутрициолог күніне 2-3 шыны шай ішуді ұсынды, әсіресе, жапырақ қосылған шайға басымдық берген дұрыс. Себебі жапырақ қосылған шайда белсенді заттар көбірек сақталады.