24.04.2025, 14:30
Оқылды: 312

Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес

Көлеңкелі экономика және оған тән процестер ұлттық қауіпсіздікке елеулі қауіп төндіріп, елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа теріс әсерін тигізеді.

2020_09_04_kolladg-tenevaya-ekonomika

Сурет: egemen.kz

Бұл - кәсіпкерлік қызметке, инвестициялық тартымдылыққа және халықтың ресми жұмыспен қамтылуына тікелей әсер етеді. Сондықтан көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл экономикалық қауіпсіздік пен әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз етудің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Оларға заң мен тәртіпті сақтамай қол жеткізу мүмкін емес. Көлеңкелі экономиканың айналымын төмендету мақсатында экономика саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуының және олардың алдын алуға бағытталған шаралар қабылдануда.

Мысалы, ағымдағы жылдың 1-тоқсанында БҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті көлеңкелі экономика саласындағы 12 қылмыстық істі тіркеп, бұл қылмыстардың үштен бірін қаржы пирамидалары құраған. Бұл ретте құқық бұзушылықтың тәсілдері мен түрлері жетілдірілуде.Осылайша, цифрлық технологиялардың дамуы криптовалютаны, оның ішінде құқық бұзушылық жасау кезінде оны пайдаланудың өсуіне ықпал етеді.

Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар ақша алу үшін криптовалютаны белсенді пайдаланады. Өткен жылы криптовалюта арқылы шығарылған қаражаттың жалпы сомасы 156 млн. теңгені құрады. Былтырғы жылдан бастап криптовалютаның заңсыз айналымына байланысты заңсыз кәсіпкерліктің жаңа түрі пайда болды. Биыл да осындай факт анықталып, қылмыстық іс жүргізілуде.

Қазақстан аумағындағы "Цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес цифрлық майнинг жөніндегі қызмет лицензиялауға жатады. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығару және олардың айналымы және осындай биржалардың қызметі "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында және лицензия негізінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Департамент аса сақ болып, криптовалютаны сатып алу қызметін ұсынатын күмәнді компанияларға ақша салмауыңызды сұрайды!

 

БҚО бойынша ЭТТД басшысы

А.Дүйсенов

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале