24.04.2025, 17:00
Оқылды: 356

Генералдар Бөкей елінде

Мамыр мерекесі қарсаңында «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төралқа төрағасы, Ішкі істер министрлігінің өкілі, генерал-лейтенант Бексұлтан Сәрсеков бастаған   бір топ генерал келіп, аудан жұртшылығымен кездесті.

IMG-20250424-WA0088

Шенділердің бұл сапарының мәні зор. Біріншіден, бейбіт өмірдің генералдары  қазақтың тұңғыш кавалерия  генералы Ғұбайдолла Жәңгіров, тұңғыш кәсіби  әскери генерал Шәкір Жексенбаев, тұңғыш ішкі істер генералы Талап Қабденовтердің кіндік қаны тамған тарихи құт-мекенге тәу етті. Генералдар көшін Хан ордасының кіреберіс қақпасынан аудан басшысы Нұрлыбек Дамуов, ауыл әкімі Әлібек Айтқалиев, музей-қорықтың басшысы Ғайса Махимов бастаған ауыл азаматтары мен ақжаулықты аналарымыз ақ ұсынып ақ жарма көңілмен қарсылап алды.   

IMG-20250424-WA0071
Бекмырза Сәрсеков бастаған көш құрамында  төралқа төрағасының орынбасары, Астана қаласындағы филиал басшысы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі, генерал-майор Өміртай Бітімов, төралқа мүшелері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері, генерал-майор Мұстафа Махамбет пен Шаймұрат Отарбаев, Ұлттық Ұлан өкілі, генерал-майор Әлібек Сералиев, Ішкі істер министрлігінің өкілі, генерал-майор Төлеген Рақымжанов, «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің жауапты хатшысы Талғат Қаналиев, «Олжа» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы Сұлтан Неталиевтер бар. Қонақтар музей-қорықты аралап, аудан тарихына қанықты.


Ұлпан Әнуарқызы
Суретке түсірген Жарқынай Салимова

IMG-20250424-WA0084 IMG-20250424-WA0085

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале