Жылы су ас қорытуды жақсартуға және қанды сұйылтуға көмектеседі, ал суық тиген кезде тамақты жұмсартып, қақырықты кетіреді. Бұл туралы дәрігер Зарема Тен айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Температурасы 35-40 градус Цельсий болатын жылы су ас қорытуды жақсартады, сондай-ақ, қанды сұйылтады. Суық тиген кезде де жылы су ішу ұсынылады: ол тамақты жұмсартып, қақырықты жеңіл шығаруға көмектеседі," – деді Тен "РИА Новостиге" берген сұхбатында.
Ал температурасы 4-15 градус Цельсий аралығындағы салқын су дене қызып кеткен кезде оны жылдам салқындатады. Алайда сезімтал адамдарда ол қан тамырлары тарылуына әкеп соғуы мүмкін. Сондай-ақ, маманның сөзінше, зерттеу жұмыстары салқын су ағзаның сұйықтықпен қамтамасыз етілу процесін 20 пайызға баяулататынын көрсеткен.
"Ыстық су - температурасы 50-60 градус Цельсий су. Қытайда ыстық су Ян энергиясын теңестіріп, ауру тудыратын қоздырғыштарды жояды деп есептеледі. Бұл пікірдің белгілі бір деңгейде ғылыми негізі бар: зерттеу жұмыстары ыстық су асқазан-ішек жолындағы бактерияларды жоятынын дәлелдеген", – деді сарапшы.
Дегенмен маман үнемі ыстық су ішу шырышты қабықты күйдіріп, жағымсыз салдарға әкеп соғуы мүмкін екенін де ескертті.