30.04.2025, 22:30
Оқылды: 379

Жәнібек ауданындағы құрылыс жұмыстар қарқынды

Жәнібек ауданының әкімі Тимур Шиниязов Жақсыбай ауылына барып, салынып жатқан құрылыс нысандарының салыну барысын тексерді.

image-30-04-25-10-08-3

Айта кетейік, аудан бойынша бой көтеріп жатқан ірі спорттық нысанның бірі дәл осы ауылда салынуда.  Құрылыс жұмыстары ақпан айында басталған нысанды салуға құрылыс матрериалдары жетілікті. Учаске бастығы Наурыз Қайырғалиев құрылыс жұмыстарының қарқыны тез болғанымен, сапалы түрде атқарылып жатқандығын айтты.

image-30-04-25-10-08-2

аумағы 3000 шаршыны құрайтын кешен  «DS&V» ЖШС-нің техникалық қадағалауынан өткеннен соң, қараша айында тапсырылады деп жоспарланып отыр.

Жақсыбай ауылында бұдан бөлек екі тұрғын үйінің құрылысы бітіп бірер күнде тапсырылмақ. Одан өзге тағы екі баспананың құрылыс материалдары әкелініп бастап, негізі қаланып жатыр. Тапсырылғалы отырған баспананың кілтін берместен бұрын аудан басшысы жауапты тұлғаларға азды-кемді кемшіліктерді атап көрсетіп, алдағы аптаның аяғына дейін тапсыру қажеттігін айтты.

image-30-04-25-10-08

Ауыл әкімі Алмат Қаратаев аудан әкімі тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауды халықтың жылы қабылдап жатқандығын жеткізіп, алдағы уақытта да үй кезегінде тұрған жақсыбайлықтарға баспана салып беруді сұрады.

 

Арай Сейфолла 

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале