22.11.2016, 19:12
Оқылды: 93

«Арманды ақиқатқа айналдыр»

%d0%bd%d0%b7%d0%bc-%d1%8d%d0%ba%d1%81%d0%bf%d0%be-1Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Арманды ақиқатқа айналдыр» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.


Жәрмеңкенің мақсаты – Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерлерінде тұратын оқушылардың «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуына қаржылай көмектесу. Үш күнге созылған жәрмеңкенің бірінші күнінде оқушылар және қызметкерлердің өздеріне қажетсіз, бірақ пайдалы заттары қойылды.

Ал екінші күнінде қолдан пісірілген тәтті тағамдар сатылды. Бұған ата-аналар өз үлестерін қосып, әр түрлі дәмді тағамдар әкелді.

Жәрмеңкенің соңғы күні мектептегі қолөнер үйірмелерінде жасалған заттармен жалғасты. Оның ішінде бисерден тоқылған әшекей бұйымдар, қыштан құйылған заттар, түрлі техникада салынған суреттер, киізден басылған қолсөмкелер, телефон қорапшалары болды. Бұл жәрмеңкенің мақсатын жете түсінген мектеп қауымдастығы акцияға белсенді атсалысып, өз қолдауын көрсетті.

%d0%bd%d0%b7%d0%bc-%d1%8d%d0%ba%d1%81%d0%bf%d0%beСондай-ақ жәрмеңкенің сәтті өтуіне оқушылар кеңесінің көмегі зор болды. Кеңес жетекшісі Бақдаулет Закировтың айтуынша, ЭКСПО секілді маңызды шараны көруге мүмкіндік сыйлау – үлкен іс. Қоғамға қызмет ету – зияткерлердің басты ұстанымдарының бірі. Олар әрқашан қайырымдылық шараларын қолдайды және насихаттайды.

Айта кетейік, аталмыш шара Қазақстан Республикасы 25 жылдығы қарсаңындағы шаралар негізінде ұйымдастырылды. Мұндай игі істер жалғасын табады.

Ақмоншақ Мақсотқызы

НЗМ баспасөз хатшысы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале