9.05.2025, 14:53
Оқылды: 685

Тасқалалықтар Ұлы Жеңістің 80 жылдығын жоғары деңгейде атап өтті

Алдымен тұрғындар «Азалы ана» мемориалдық кешеніне жиналып, майданнан оралмаған боздақтар мен Ұлы Отан соғысының ардагерлерін үнсіздікпен еске алды. Содан соң, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

IMG-20250509-WA0013

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай тасқалалықтар "Азалы ана" мемориалдық кешенінің басына жиналып, қан майданнан оралмаған боздақтар мен марқұм болған соғыс ардагерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

IMG-20250509-WA0018

Содан соң ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойды. Іс-шараға аудан әкімі Т.Шакиров, "КАТЭК" ЖШБ жобалау-инжиниринг компаниясының бас директоры Қ.Нупов, мемлекет және қоғам қайраткері Т.Сапаров, мемлекеттік қызмет саласының ардагері А.Халелов, облыстық мәслихат депутаты Н.Жұмашев, алты алашқа танымал әнші композитор Д.Қажымов, аудан прокуроры А.Унаев, аудандық сот төрағасы А.Теберикова қатысты. Одан әрі шара дала қызықтарымен жалғасты. Ауыл шетіне киіз үйлер тігіліп, сауда-саттық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

IMG_7586

Аудан көркемөнерпаздары «шырқалсын бейбітшілік әуендері» атты театрландырылған көріністі көпшіліктің назарына ұсынды.

IMG_7593

Аудан әкімі Талғат Шакиров шараға жиналғандарлы айтулы мерекемен құттықтады.

IMG_7611

Бәйгеде бақ сынайтын жүйріктер мен боз кілемде белдесетін палуандарға сәттілік тіледі.

IMG_7656

Айта кетейік, палуандарымыз 70 келі және 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде белдесіп, бақтарын сынады.

IMG_7646

Дала қызықтарына жиылған тасқалалықтар одан әрі делебе қоздырар ат бәйгесін тамашалап, бір сергіп қалды. Бәйгеде шашасына шаң жұқтырмаған ең мықты деген тұлпарлар сынға түсіп, мереке көркін қыздыра түсті. Әр жерден қиқу салған жанкүйерлер де шабандоздарға дем беріп, қолдау көрсетті. Осылайша облысымыздың түкпір-түкпірінен жиылған қонақтар ауа райының қолайсыздығына қарамастан Жеңіс күнін ерекше атап өтті.

Назгүл Серікқызы,
Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале