13-15 мамыр аралығында елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында IBSA Judo World Championships Astana 2025 пара дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Бұл – төрт жылда бір өтетін пара дзюдо әлеміндегі ең беделді дода, - деп жазады Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі.

Сурет: gov.kz
Жарыс Халықаралық зағиптар спорт федерациясы (IBSA) ұйымдастыруымен өтеді және турнирде 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Паралимпиадаға маңызды рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады. Жаһандық додаға әлемнің 40 елінен келген 350-ден астам үздік спортшы қатысады. Олардың қатарында 15 Паралимпиада чемпионы мен жүлдегерлері бар.
Кейіегі үш жылда Астанада дзюдодан Grand Prix сериясының кезеңдері мен 2023 жылғы Азия чемпионаты ұйымдастырылды. Осындай маңызды жарыстарды өткізу арқылы еліміз пара дзюдодан әлем чемпионатын қабылдауға лайықты екенін көрсетті.
Пара дзюдодан әлем чемпионатында ел намысын ұлттық құрама көшбасшылары — Ақмарал Науатбек, Ерғали Шәмей, Даяна Федосова, Жұрқамырза Шүкірбеков және басқа да спортшылар қорғайды. Сондай-ақ елорда татамиінде Алана Мартинс Мальдонадо (Бразилия), Южито Широ (Жапония), Флорин Болога (Румыния), Шерзод Намозов (Өзбекстан), Ибрахим Бөлүкбашы (Түркия) және басқа да атақты спортшылар белдеседі.