14.05.2025, 0:00
Оқылды: 164

Жаңақалалық ақ халатты жандарға ерекше құрмет көрсетілді

Бүгін Жаңақала аудандық мәдениет үйінде халықаралық мейірбикелер күніне орай «Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған» атты мерекелік шара өтті.

image-13-05-25-09-07-5

Адам жанының арашасына айналған ақ желеңді абзал жандарды құттықтау үшін алғысөз аудан басшысы Алпамыс Көшкінбаевқа ұсынылды. Алпамыс Жаңабайұлының мерекелік лебізінен соң, кезек сала мамандарын марапаттау рәсіміне берілді.

image-13-05-25-09-07-4

Сүбелі еңбек етіп, ел алғысына кенелген бірқатар медицина қызметкерлеріне облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының, аудан әкімінің, “Аманат” партиясы Жаңақала аудандық филиалының төрағасының, аудандық аурухана директоры мен “Ауданаралық сауықтыру ауруханасы” оңалту орталығы” басшысының және облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы атынан алғысхаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

image-13-05-25-09-07-7

Сондай-ақ залда отырған ардагер дәрігерлер де көрсетілген құрметтен шет қалмады.

image-13-05-25-09-07-3

Шара барысында экраннан мәртебелі мамандық иелеріне арналған бейнешолу ұсынылып, аудандық мәдени-демалыс орталығының өнерпаздары сазды бағдарламаларын арнады.

Мерекелік кеш «Рахмет саған, дәрігер!» әнімен мәресіне жетті.

Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале