15.05.2025, 17:00
Оқылды: 156

Отбасы күніне орай Казталов ауданында аудандық байқау өтті

Бүгін Казталов ауданы орталығында “Тоғжан” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Аналар күні және Халықаралық отбасы күніне орай “Анаға қарап қыз өсер” атты аудандық байқау өтті. Бұл ұлттық тәрбиенің маңызын дәріптейтін, ананың өнегелі тәрбиесі мен қыз баланың бойына дарыған ізгі қасиеттерін көрсетуге арналған мәдени-танымдық шара.

IMG-20250515-WA0037 Байқау бес бөлімнен тұрды. «Сәлем – сөздің анасы» деп аталатын бірінші бөлімде анасы мен қызы өз - өздерін таныстырса,  екінші бөлімде бірге дайындап алып келген тағам түрінің дайындалу жолын түсіндіріп өтті. «Шебер қолдар» деп аталатын үшінші бөлімде үйден дайындап алып келген бұйыммен таныстырып, көрермендерді таң қалдырды. Төртінші бөлімде қатысушылар өнерлерін ортаға салып, жан-жақтылықтарын көрсете білді. Соңғы  бөлімде аналары ұлттық салт-дәстүрге бағытталған сұрақ-жауаптарға жауап берді. Байқау барысында С.Садықов мәдени-демалыс орталығының өнерпаздары әннен шашу шашты.

IMG-20250515-WA0039

Байқауды С.Садықов атындағы мәдени демалыс орталығының мәдени шара ұйымдастырушысы Аягүл Шоқпанова, аудандық әжелер алқасының төрайымы Нұрия Самиғоллақызы, аудандық “Істер әйелдер” қауымдастығының төрайымы Рамилия Сергейқызы бағалады. Байқауға қатысушылар әр бөлімге тыңғылықты дайындалып келгендіктерін көрсетті.

IMG-20250515-WA0037

Нәтижесінде бірінші орынды қараөзендік анасы Аида Қайыржанқызы Мустакапова мен қызы Мерей Мерекеқызы, екінші орынды Жалпақтал ауылдық округінің қатысушысы анасы Гүлстан Раджқызы Зейнорай мен қызы Зарина Ерболқызы, үшінші орынды Қошанкөл ауылдық округінен анасы Акбөбек Абайқызы Тлекқабылова мен қызы Айару Аянқызы және Жаңажол ауылдық округінің атынан қатысушы анасы Зарузат Бауыржанқызы Жамбылова мен қызы Жансая Тілегенқызы иеленді. Қатысушыларға алғыс хат пен сыйлықтар табыс етілді.

IMG-20250515-WA0038

Ана мен қыздың арасындағы байланысты нығайту, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрлерді жаңғырту, қыз балаға ибалық пен әдептілікті, ізеттілікті дәріптеу, балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу бағытындағы байқаудың тәрбиелік мәні зор.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

IMG-20250515-WA0044

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале