15 мамыр күні Халықаралық отбасы күніне орай «Аманат» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында және отбасын қолдау орталығы мен аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Жарасымды жанұя – қоғам айнасы» атты жанұялық жұптармен рухани-мәдени кездесу кеші өтті.

Рухани-мәдени кешке ауылымыздың үлгілі жанұясы биыл отасқандарына 50 жыл толғалы отырған алтын той иелері Мәлік Қуанұлы мен Жұмабике Шакирқызы (Хайруллиндер отбасы), Бірік ауылының үлгілі жанұясы, отасқандарына 25 жыл толған күміс той иелері Самат Құмарұлы мен Жанаргүл Габдрахимқызы (Ғазизовтар отбасы), Бостандық ауылының үлгілі, көпбалалы жанұясы, отасқандарына 22 жыл толған Асан Маратұлы мен Данагүл Геройқызы (Бөкенбаевтар отбасы), Казталов ауылының үлгілі, көпбалалы жанұясы, отандасқандарына 15 жыл толған Рауян Оразғалиұлы мен Гүлфайруз Асылбекқызы (Сергалиевтер жанұясы), Нұрсай ауылының жас жанұясы, отандасқандарына 8 жыл толған Қуандық
Аманерұлы мен Қаншайым Қарашкызы (Галламовтар жанұясы) қатысты.
«Аманат» партиясы Казталов аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ернар Аққалиұлы 15 мамыр - Халықаралық отбасы күнімен құттықтап, алтын той иелері естелік сыйлық табыстады.
Рухани кешті аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдана Мұханбетова мен отбасын қолдау орталығының директоры Айдана Сапарова жүргізіп, еркін форматта қонақтармен сұхбаттасты.
Жұптарымыз «Отбасылық үйлесімділік» атты ойынын ойнап, керемет әсер алды. Отбасы мүшелері өздерінің жанұялық өмірде ұстанатын ұстанымдарын, бірге қол жеткізген жетістіктерімен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді. Аудандық мәдениет үйінің әншісі Қайрат Абдулов «Ханшайымым» әнін орындап, қошеметке ие болды.
Кеш соңында отбасын қолдау орталығының директоры Айдана Сапарова мәртебелі меймандарға алғысхат пен гүл шоқтарын табыстаса, «Аманат» партиясы Казталов аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ернар Аққалиұлы отбасының қолдау орталығының ұжымына құттықтау хат пен естелік сыйлық табыстады.
Мейірім Парасат
Казталов ауданы